Стр. 26 - zhykpyl

Упрощенная HTML-версия

Ол дәуренi сағым арасында мәңгi ыстық елес боп, жасырынып калғандай. Кәзiр оның
орнын басқа қызық, басқа кеуiл алаңы басқан. Жетiлмеген көкiрегiнде екi жас өркеш
тепсiне орнай қалған сәттен берi мұның бойын билеген бiр босаңсы сезiм бар. Өзi тым
бимаза. Осындай-осындай оңаша қалған сәттерi түу сонау түкпiрiнен ақырын-ақырын
бас алып, алпыс екi тамырын шым-шым еткiзе иiтiп, өне бойын жайылта буынына түсiп
келедi де, мүлдем ереуiлдеген теңiзше жанын жай тапқызбай жiбередi. Он екi мүшесiн
бұлауға салғандай былбыратып сала бередi. Күн санап жетiлiп, толысқан кеудесiн
шымырлатып, әлдеқандай ыссы көкiректi iздетедi. Сондайда бұл жанын қоярға жер
таппайды. Қара iздеп үйiрсiреп, әлдеқандай жеңсiк асты iздегендей болады. Ол ақыры
сол жеңсiгiн тапты да. Онда да былтыр Алматыға оқуға сырттай түсуге барғанда... Иә,
сонда, жас түнде шiрей тасып, кеуiл шарпыған нәпсi уытына берiле отырып, қалай
болғанын өзi де бiлмей қалған. Әйтеуiр, бiр рәһат күй кешкен. Жүн-жүн ожар кеуденiң
омырауын сығымдап, қара етiн жыртып, сал-сал ғып тастағанын сезген. Одан арғысы
есiнде жоқ. Жүн-жүн кеуденiң қыдықтағанын, пенде боп жер басқалы берi кiсi тиiп
көрмеген тәнiне еркек денесiнiң аса жайлы тиiп, бөгде адамның өзiне бар жылуын
аямай төгiп, әлдеқандай мамыражай дүниенiң ортасына енгiзiп жiбергенiн емiс-емiс
сезiп, көзiн жұмып, күнге шуақтаған ақ мысықша манаурап жата берген. Бар еркiн әлгi
жүн-жүн омырауға берiп, бар дүниеден алаңсыз жатқан. Тек ертеңiне ғана не болып, не
қойғанын жаңа сезгендей көз жасын көлдеткен. Кейiннен барып iзiнше бар дүниенiң
қайтып келмесiн бiлiп, өз сабырының мүлт басқан тұсын iштей сезсе де, қайтадан баяғы
бейқам қалпын тапқан-ды. Содан берi әлгi төсi жүн-жүн кiсi iзiнен қалмай қойды. Оның
қызыл шырайлы жүзiн, күлегеш көзiн көрсе болды, өзiнен де ерiк кетедi. Оның қалаған
жағына қарай қисая бередi. Ендi сол жеңсiк астың арты неге соққанын аңдап, Набат
қып-қызыл ернiн тiстей қойды. Ертең не iстейiм деп, зәресi ұшты. Сол сәт мына
Тоқшылықтың жаңағы айтқан сөзi дәтке қуат болғандай абыржыған кеуiлiн зорға
басты. Сол сәт жаңа неге келiсе салмадым, деген бiр ойi аш бүйiрiнен қадалғандай
болды. Жоқ, соным дұрыс! Салған беттен құлап түссем, бөтен ойлап қалмай ма? Одан
да осылай созбақтап барып, ұрымтал тұста бел буған мақұл. Жарайды, сүйтейiн. Бiрақ
ол ертең мұның құпиясын бiлмей ме? Сонда не болады? Жарайды, оны кезiнде көре
жатармыз. Әлгi жықпылды көлденең кiсi көзiне көрсетпестей етiп жiберудiң еш ретi
жоқ па? Ол қалай сонда? Набат осы сұрағына жауап iздегендей, алдына тесiле қарады.
Машина Жықпылдың терiскейiн ала жүрiп келедi екен.
— Мына Жықпылда айдаһар бар дейдi қой. Сол өзi рас па екен? — дедi Тоқшылық
бұған күле қарап.
— Қайдағы? Аңыз ғой, — дедi Набат селсоқ.
— Баяғыда бала кезiмде соған құдайдай сенушi ем. Шынында, өзiне барып көретiн
екен.
— Жықпылға ма?— Набат жанарынан бимәлiм үрейлi ұшқын шашырап, оған
абыржи қарады.
— Иә.
— Онда кiсi қызығарлықтай не бар дейсiң. Қайта оның сырын бiлгеннен бiлмеген
жақсы.
— Неге? — дедi Тоқшылық таңданып.
— Әйтеуiр, маған солай көрiнедi де тұрады.
— Солай ма? — Тоқшылық бұған ойлана көз тастады. — Мына араб жұртында
қадыр түнi деген бар. Сол түнi, елдiң сенiмi бойынша, не тiлегiң болса да орындалады.
Қалай, жақсы емес пе, а?
— Қызық екен.
— Соны неге бiз ұмытып кете беремiз, а?
— Оны… қайдам.
— Сыр демекшi, былтыр Алматыға барғанымда, бiр спектакль көрдiм. Қозғап
отырған меселесi жап-жақсы. Бүгiнгi өмiрдегi ар-ұят жайы. Бiрақ маған сол пьеса