Стр. 3 - zhykpyl

Упрощенная HTML-версия

туды. Ол аздай, Жазушылар Одағында өткен жыл қорытындысында (председатель
Ш.Мұрзатазаев!) баяндама жасаған Р.Тоқтаров романда сөз арасында айтылатын,
өмiрде болған, бiрақ кейiпкер емес Абай Орынбаевтың фамилиясын айтпай, атын ғана
айтып, «ол Абай Құнанбаевты мазақтап отыр» деп жала да жапты. Құдай оңдағанда, бұ
кезде Горбачевтың «қайта құруы» басталып, көп нәрсе расталып, «уһ» деп демiмдi
алдым.
Ендi сол романды көп томдыққа енгiзерде, оны қайтадан қарап шықтым, кей жерiн
қысқарттым, стилистика жағынан жөндедiм, кейбiр кейiпкердiң атын өзгерттiм, бiрақ
негiзгi желiге, кейiпкерлердiң ой-пiкiрлерiне, ұстанымдарына, т.б. қол тигiзбедiм.
Бегiлдә АЛДАМЖАР