Стр. 34 - zhykpyl

Упрощенная HTML-версия

Жарайды, сенiң ол тiлегiң iске аспаған шығар, бiрақ басқа көздегенiң орындалып келе
жатқан жоқ па? Шүкiршiлiк, ешкiмнен кем емессiң. Ел аузына iлiгiп, ат жалын тартып
мiнiп, азды-көптi жұртты аузыңа қараттың. Абыройың да жаман емес. Қосақтап сауған
он саулығың да, сыйлы қонақ келгенде, именбей жаяр дастарханың да баршылық.
Сонда саған жетiспейтiн не нәрсе? Шынында, ол не? Елекеш әзiр оған жауап iздеген
жоқ. Күнде таң азанмен жұмысына барады, қас қарая жұмысынан келедi. Одан асса,
ауданға тартады. Осы бiр қалыпты сылп-сылп тiршiлiктiң кейде кiсiнi қажытатыны бар.
Кейде: «Осы мен не үшiн шапқылап жүрмiн?» — дейдi. Ондайда: «Ау, не үшiн болсын.
Мына ел-жұрт, қызыл қарын бала-шағаның қамы үшiн да», — деген әзiр жауабы
көлденең жатып алады. Жарайды, солай-ак, бола қойсын. Кiсi кiсiге үстемдiк
жүргiзбейтiн, кiсi кiсiнiң хақысын жемейтiн қой үстiнде бозторғай жұмыртқалаған
жақсы заманды құрамыз деп жарты ғасыр бойы жаныққанымыз дұрыс-ақ дейiк. Жеке
кiсiнiң көпшiлiктiң ыңғайына көнуi керек-ақ дейiк. Бiрақ сол қоғамның өсiп-
өркендегенде, сабасынан асып жетiлгенде бар көздеген мақсаты жеке адамның
шырайының шығуы емес пе? Көпшiлiк пен жеке адамның iшек-қарнының араласып
кетуi емес пе? Бiрақ кейде исi адамзаттың басып өткен жолын шолып отырса, басына
қызық-қызық пiкiр түседi. Әу баста, Ауа Ата мен Ауа Анадан өрбiген екi аяқтылар
мына дүниенiң сырын, мал-мүлiктiң кәдiрiн бiлмей тұрғанда, көптеп-көлемдеп тiршiлiк
етiптi дейiк. Бiрақ одан кейiн пенде шiркiн мал үшiн бiр-бiрiне көз алартты, бiр-бiрiн
құл қып, хан базарда сатты. Кейiннен шұрайлы жерге, ажарлы қызға, сыңғырлаған
әзәзiл алтынға таласты. Дәуiрден дәуiр өткен сайын пенде шiркiннiң осы мiнезi
қайталап соғар iндеттей бiр бас көтермей қалған емес. Соның бәрiн таразыға салып
байқаса, жұмыр бастылар, мәйекше ұйысудан гөрi, қи домалатқан қара қоңызша бет-
бетiмен жайылар ыңғай көрсетiп, iрге бөлiсiп келе жатқандай. Сонда олардың тiлегiн
де, ниетiн де бiрiктiрiп, бiр арнаға салып жiберетiн қандай күш? Иiсi жұрт түгел, бiр
жатырдан шыққан ағайынды кiсiлердiң өздерiн бiр шаңырақтың астында ұстап тұру
қиямет қайым емес пе? Әлде мына жамағат көп түкiрсе көл боладының сырын
күндердiң күнiнде түсiне ме? Жарайды, оны өлшеулi дем жетсе, кезiнде көре жатар.
Мұның бiлетiнi, кiм-кiм де мына тiршiлiкте қызық көрсем, бақытты өмiр сүрсем дейдi.
Бiрақ көйлегiң көк, тамағың тоқ болғанмен, бар мәселе бiте қоя ма? Тым құрмаса өз
тағдырыңның бұралаң тұстары толғандырмай ма? Шынында да, осы сөздiң жаны бар.
Елекеш оны өз басынан бiледi. Әдепкiде күнделiктi күйбең тiршiлiкке етi өлiп кеткен
ол көп нәрсенiң байыбына бара бермеген екен. Кейiннен осы отбасында өзiне
бiрдеменiң жетпейтiнiн анық байқап жүр. Ол не?
— Ау, шайың суып кеттi ғой. — Күлжамаштың даусы.
Елекеш селк етiп, бойын жинап ала қойды. Ұялғанынан:
— Ұйқым қанбай, маужырап отырғаным, — дей салды.
— Мына жұмысың да тым мазасыз, — деп қойды шешесi.
— Өзiнен де бар, — дедi Күлжамаш жорта лекiте күлiп. — Атақ шығарып, әбiрей
табам деп...
— Не, не?
— Ана Набатқа күрiш еккiзiп, атаққа шығарам деп. Жаңа дүкенге барсам, сол тұр.
Кiремпiлен көйлек алмақ. Шiркiн-ау, басында жоқ, аяғында жоқ, оған кiремпiлен не
керек екен?
— Кәзiр ел тойынғасын, шүберекке үйiр боп кеткен жоқ па? Кешегi аш аламан кез
болса, көрер едiм, — дедi Алмашкүл шекердi тiстеуiкпен сырт еткiзiп сындырып
жатып.
— Өйдөйт, заман-ай десейшi! — дедi Тiлемiс құнжыңдап.
— Сен нағылдың? — дедi Елекеш әйелiне жақтырмай қарап.
— Мен нағылайын. Ана жаман қара қыздан кеммiн бе? Бiлдей деректiрдiң әйелi бола
тұрып, бiр кiремпiлен көйлек кие алмағаным көрген көзден ұят емес пе? Барып тартып