Стр. 36 - zhykpyl

Упрощенная HTML-версия

бiлмей, сең соққан балықша өз қиялына өзi шомып, Байқожаға жеткенше тiс жарған
жоқ.
10
Бәйдеш ұзын составтың ортаңғы тұсынан түстi. Өзi бұрынғыға қарағанда, толысып
кетiптi. Қарсы iлгегi салынбаған пиджагының екi шалғайын керi серпiп, төңкерiлген
қазандай тоқ қарны көйлегiн сыртқа қарай тырсия теуiп тұр. Аздап бұғағы да салбырай
бастаған. Елекеш оны бiр шолып қарады да, қарсы жүрдi. Олар әуелi жарқылдай
күлiсiп қол алысты. Артынша бiр-бiрiн жұдырықтарымен қозы қарындарына ұрғылап,
оқырана күлiстi. Сосын мәдениеттiлiгi есiне түскендей, төс қағыстырып, бiр-бiрiнiң
арқаларына қағысты. Содан кейiн барып Бәйдеш директордың жанында ошарылып
тұрған Әбду мен Тоқшылыққа қарады.
— Ой, мынау Әбду мә-әй?!
Әбду иә сол менмiн дегендей, қолын созды. Бәйдеш онымен де төс қағыстырды,
арқасына қақты. Тоқшылықпен қол алысып, амандасты. Мұның жүзiне май көме
бастаған көзi жұмыла жылтырай қадалып тұрып:
— Мына iнiшектi бiр жерде көрген сияқтымын, — деп қойды.
Тоқшылық Бәйдештi қай жерде көргенiн жақсы бiлетiн. Анада емтихан алған екi
мұғалiмнiң бiрi осы болатын. Мына пойыздар шаңдата азынай өтiп жатқан тар жерде
оны есiне салуды әбес көрiп, иығын бiр рет қиқаң еткiздi де қойды.
Бәйдеш оған тағы да анықтап көз салды. Шырамытса да, есiне түсiре алмағаны
байқалып тұр. Сосын ол Елекешпен қатар жүрдi. Байқожаның кiшкене вокзалының
жанынан өтiп, тал түбiнде тұрған машинаға келдi. Самбырлай сөйлесе жүрiп, кабинаға
жайғасты. Барлығы iшке мiнгесiн, Әбду ыржалақтай күлiп, жерден жетi қоян тапқандай
боп, машинаның бiр қалтарысынан ақбас шампанды суырып алды.
— Ау, ағайындар, мына Бәйдештiң келген құрметiне орай өңеш шылайық та!
— Сыртта ыңғайсыз болмай ма? — дедi Бәйдеш жымия қарап.
— Әй, несi ыңғайсыз. Жұрттың бiзде шаруасы қанша, — деп, Әбду машинаның
есiгiн ашып жiберiп, құдықтан су алып келе жатқан бiр әйелге қарай шампанның аузын
көздей қойды. Кеуек тығын тарс етiп атылып, әйелдiң алдына барып түстi. Әйел селк
ете қалды. — Әй, қатын, қалай, балаң түсе жаздаған жоқ па? — деп, Әбду тарқылдап
күлдi.
Сол арада Елекеш қабағын шытты:
— Жоқ, iшуге болмайды. Жұмыс уағы дегендей.
— Расында да, — дедi Бәйдеш,
Әбду не дерiн бiлмедi. Лез жөн тауып, арсыз күлкiге басып:
— Бұ да жөн, — дедi. Сосын Тоқшылыққа бұрылып: — Бала, байқа, қатты айдайым
деп, бiр жерде тоңқалаң астырып кетiп жүрсең, прабаңды тесем, — деп, жырқ-жырқ
күлдi.
Тоқшылық машинаны зырлата жөнелдi. Байқожаның үп етiп жел тұрса, ала шаңдағы
шығатын май топырағын бұрқырата отырып, жыланша ирелеңдеген тар соқпақтан өтiп,
Кеңтүпке маңдайын тура тiрейтiн айдау қара жолға түстi. Жаңағы сусымалы шеге
топырақтан шығып, табаны тастай тақырға iлiккесiн, бiр әуенiнен танбай ыңылдап келе
жатқан газиктiң жүрiсi жөнделейiн дедi. Бұрынғыша түкiрiк тастам жер сайын шолтаң
етiп бұрылып, бытпылдыққа салмай, түзу жолға түскесiн, аңырай жөнелдi. Соңына
шаңын iлестiрер емес. Алдындағы бұйырғынды, бетегелi боз даланың өз бауыры
астына сасқалақтай кiрiп жатқанын қызықтағандай машина зырлап келедi. Алдан
аққылдап жел соқты. Жан-жақтағы қоңыр бүйраттар дөңгеленiп кейiн қалып барады.