Стр. 44 - zhykpyl

Упрощенная HTML-версия

— Жоқ.
— Ойбай, ол өзi қызық. — Әбду күле түсiп, бипаздай жөнелдi. — Осыдан он-он бес
күн бұрын Мылтықбай екеумiз ауданға бардық. Мен болсам, екi бастан белгiлi,
үкiметтiң шаруасымен жүрмiн. Ал мына лақуа ше? — Әбду оң жағында отырған
Мылтықбайды оң қолының бармағымен нұқып көрсеттi. — Неге барып жұр дейсiңдер
ғой. — Ол сұқ саусағын шошайтып, аспанға көтердi. — Философиялық трәктатын
аудандағы кiсiлерге көрсетуге апарыпты. Құрсын, барып аудандағы жiгiттермен қызыл
кеңiрдек болды. Мен қасқа жiпсiз байланып, мына сорлыны айықтыру бөлмесiне қамап
қоя ма деп, жанынан шықпадым. Ақыры не керек, сол арада бiр қызыл машина
дөңгеленiп келе қалды. Iштен еңгезердей екi жiгiт шықты. Олар тура әй-шәй жоқ
Мылтықбайымды екi қолын артына қайырып, машинаға атып ұрды. Мен қасқа
шырылдап, оның соңынан жүгiрдiм. Машинаға мiнiп ап, баратын жерге бiрге келдiм.
Бiр қасқа бас кiсi Мылтықбайдың көзiне үңiлдi. Қарашығын әрi-берi қозғалтып көрдi.
Шалқасынан жатқызып, аяғына кiшкене балғамен ұрып байқады. Сосын тiлiне үңiлдi.
— Қойшы, бұл маған онысын айтқан жоқ қой, — дедi Патшайым үрейленiп.
— Рас, рас.
— Соқпа өтiрiктi, — дедi Мылтықбай. Сосын қылжақбас құрдасына мат бола
бермей, қызыл асықтан қағу жағын ойластырып отыра бердi.
— Құрсын, сосын не керек, — дедi Әбду жырқылдап, —әйтеуiр, әлгi кiсiге әлердегi
сөзiмдi айтып, мына құрдасымды шығарып алдым. Дереу бiр машинаны ұстай сап,
вокзалға келдiк. Қарап тұрсам, қасқада ес қалмапты. Ыржаң-ыржаң етедi. Байғұс-ай,
аштан өлдi ғой, деп ырыстыранға апарып, тамақ iшкiзiп, тiрiлтiп алдым. Бiр-екi ыстақан
арақ iшкiздiм. Сүйтiп кеп билет алайық. Сыртқа шықсақ, жаңбыр шүмектеп құйып тұр.
Үстi-басымыз батпақ-батпақ. Содан не керек, пойыз келгесiн iшке кiрдiк. Мен билеттi
көрсетiп жатқанда, Мылтықбай басқышпен жоғары көтерiлiп бара атқан. Iшке кiрсем,
Мылтықбайымнан Мылтықбай жоқ. Олай жүгiрдiм, былай жүгiрдiм. Түсiп қалмады ма
деп, перронды қарап шықтым. Сол арада пойыз да қозғалды. Мен амал жоқ, вагонға
жүгiрiп кеп мiндiм. Содан не керек, пойыз Жосалыдан ұзап шықты. Бiр уақта қарасам,
семiз сары пiрбәднек орыс қатын әлдекiмге шаңқылдап ұрысып жатыр. Жетiп барсам,
Мылтықбайым әлгi әйелдiң купесiне кiрiп ап, шалқасынан сұлап жатыр. Ақ төсенiш
сатпақ-сатпақ. Ана қатын да қарулы екен, мына мыжубайдың жағасынан ұстап, жерге
тiк көтерiп тұрғызды да, ана жағына бiр, мына жағына бiр тартып-тартып жiберiп:
«Только лошадь не знает, что это постель», — дедi. Яғни, атсың, кестiрiлген атсың, —
дедi.
Ел гу-гу етiп, Мылтықбайға қарады:
— Әй, мынаның сөзi рас па? Тiгiсi тым жатық екен!
— Осында бiр кәкiр бар.
— Иә, оның айтқаны рас, — дедi Мылтықбай жұлып алғандай етiп, — бәрi рас.
— Сонда калай?
— Ол былай. Өздерiң бiлесiңдер, мына Әбду орысшаға шорқақ. Ол проводник
әйелдiң сөзiн терiс түсiнген. Ал, шындығында, ол әйел маған: «Өзiң бiр есi дұрыс, ат
жақты келген, қазақтың тәуiр жiгiтi екенсiң. Бiрақ мына қасыңа ерткен атқосшың барып
тұрған ешек қой», — деп едi.
— Ешек?!
— Иә, дәл солай, ешек болғанда, көк ешек дедi.
— Ха-ха-ха!
— Құрсын, құрыдым. Бiр де нөл, — деп, Әбду көзiнен жасы аққанша күлiп,
орындықтың арқасына шалқая кеттi.
— Ал, ана... жазғаныңды кәйттiң? — дедi Жиени мысықтабандап.
— Кайсысы?
— Жаңағы... е, әлгi не едi, трәктәтiңды...
— Кәйтушы ем? Ол... өзiмде.