Стр. 51 - zhykpyl

Упрощенная HTML-версия

— Ырза? Әләу, мiне, есiттiң бе? — деп ол Патшайымға қарап, қолын жоғары
көтердi. — Көрдiң қой, олар маған ырза. Ал сен қайдағы жоқты айтып, басты
қатырасың.
— Әй, қойшы, — дедi де, Патшайым қабағын шытып, үстiне судыраған жiбек
халатты кие сала, токшәйнекке су құйды.
— Мен неге қоям? — дедi Мылтықбай өршелене түсiп. — Шынында да мен неге
қоям, а? Әлде сен де аналардың ауазасына ерiп жүрсiң бе?
— Жүрсiң бе? — деп, Патшайым мырс еттi. — Ерейiн, ермейiн, сенiң де бiр мезгiл
жан-жағыңа қарап, ойланатын кезiң жеткен жоқ па? Жасың болса, қырықтан асты. Ал
сен әлi баяғы студент кезiңдегi сөзiңдi айтасың.
— Сонда менiң не iстеуiм керек?
— Өз қатарыңнан кем болмау жағын қарастыр.
— Сонда мен немене ана Елекештен не Бәйдештең кеммiн бе?
— Е, ендi қалай деп едiң? — Патшайым орындыққа жайғасты. Шаралы көзiне ашу
теуiп, күйеуiне бiр түрлi жалбарына жек көре қарады. — Былай, қазақша қара есепке
салып көрейiкшi. Бiрiншiден, сен ана Елекештей ел басқарып отқан жоқсың. Астыңда
машинаң, үйiңде кiлемiң, гарнитурың жоқ. Екiншiден, ол сияқты ел арасында
абыройың және жоқ. Сонда сен өз қатарыңнан кем емей, кiмсiң, а?
— Сонда адамның қасиетiн... былай...машинамен, кiлеммен бағалай ма?
— Е үйтпей, ендi кәйтедi? Ол деген, сенiң кiм екенiңдi көрсетедi. Сенiң өмiрде
жолыңның болғанын, болмағанын бiлдiредi. Жалаңаяқ философтар көне грек
заманында болса болған шығар, мен кәзiр осы өмiрiмде ондай әпенділердi көрген
жоқпын.
— Сонда Диоген ақымақ па?
— Оны... мен бiлмеймiн. Бiрақ Александр Македонскийге оның бөшке iшiнде
отырып айтқан бiр ауыз сөзi соншалықты данышпандық па? Оның Александрға саған
дүние жүзiн жаулап алу аз, ал маған бөшке де жетедi дегенiнде кiсi таңғалатын
соншалық не нәсте бар? Ауа райы ыссы Герцияда бөшкеде өмiр сүруге болатын шығар.
Ал бiзде... қатып өлесiң. Со да сөз боп па? — дедi Патшайым қыза түсiп. — Бәндәның
былай... басқаны қойғанда, қарапайым тiрлiк етуi үшiн дүние-мүлiк керек емес пе? Үй
болғасын, дүние-мүлiк, көрпе-төсек, ағаш-аяқ керек. Тым құрығанда, ұятты қонақ
шақырғаныңда өзiң жерге қарамауың үшiн қажет. Мәселен, жаңағы Елекештiң үйiн
көрген Бәйдештi мына қайыршының күркесiндей жаман тамыңа не деп шақырасың?
Бұл азамат басыңа мiн емес пе?
— Әй, немене ол менiң дүниеме келе ме? Ол келсе, менiмен дидарласуға келедi.
— Жоқ, ешкiм де үйтпейдi. Келуiн келер, бiрақ артынан мазақтап, күлiп кетедi. Оны
сен бiлмессiң, баскалар әлдеқашан түсiнiп болған. Өзiң ойлашы. Ана әке-шешең ертең
қисая кетсе, неңмен көмесiң? Ол өз алдына. — Патшайым төргi бөлмеде жатқан
балаларын нұсқады. — Ертең ана ұл-қызыңды оқуға қалай түсiресiң?
Мылтықбай не дерiн бiлмедi. Шәй келгесiн, ол бiр фужерға арасан суын құймақ
болды. Кенет фужерды шам жарығына ұстап тұрып, ол:
— Мынау неге құбылмайды? — дедi.
— Сенiң... хрусталiң сондай ғой, — дедi Патшайым кекетiп.
Тоқшылық олардың ұрыс-керiсiнiң арасында болмайын деп, сыртқа шықты.
Қарақұмнан қаптай ескен түнгi самал салқын екен. Ол тас қараңғы көшеде борпылдаған
май топырақты кешiп келедi. Аздап iшкесiн бе, тұла бойы балбырап, бiр түрлi кеуiлi
көтерiлiп сала берген. Оның үстiне бүгiнгi үлкендердiң айтыс, керiсi көп ой салған. Бұл
әшейiнде сыртынан көрiп жүретiн ересек кiсiлердiң iшiнде жатқан қоясын көп аңдай
бермейтiн. Олардың бүгiн ойламаған жерде басқа қырынан ашылғайына аң-таң. Сонда
атам қазақ айтқан адам аласы iшiнде деген сөздiң рас болғаны ма? Неге олай?
Ертеректе мұның өзi оқыған кiтаптарында ыңғай бiр судан таза, сүттен ақ адамдар
жамандықтың жаңасына жармасып, оны үнемi жер жастантып жүрушi едi. Қай кiтапты