Стр. 52 - zhykpyl

Упрощенная HTML-версия

оқысаң да, керiтартпа топас бастықка қаладан келген жас маман қолына сойыл ап
қарсы шығып, аздап қиындық көрiп, ақыр соқында мерейi үстем бып шыға келушi едi.
Олардың ойы мен сөзiнде, iсi мен тәртiбiнде мұндай жыкпыл-жықпыл атымен жоқ-тын.
Мектеп қабырғасында жүргенде мұғалiмдер де бұларды осылай баулыды. Тек оқу бiтiп,
ат жалын өз бетiнше тартып мiнген сәттен бастап-ақ өмiр Тоқшылыққа басқа бiр
қырымен көрiне бастаған. Ол екi барып, оқуға түсе алмады. Елден оза шығып жүлде
алып жатпаса да, сол оқу орнына тұяғы iлiккендердiң жуан ортасында жүрер шамасы
бар-ды. Бұл әуелгiде осы бiр қитұрқыны кездейсоқ әшейiн нәрсе шығар деген. Кейiн
келе ойлана бастады. Әсiресе, мұғалiмнiң сөзiн естiген соң, арғы-бергi заманға көз
жүгiртiп көрген. Олардың ешқайсысынан да тiрер шұрайлы қоныс таба алмай, өз
тұсына қарай сырғақтай берген. Жарайды. Өмiрдiң жықпылы-ақ болсын. Сонда ол не?
Қандай құпия? Мына кiсiлер сод сырды бiле ме? Егер бiлсе, оны неге мына кейiнгi
көген көздерге есиет қып айтпайды. Бiлгендi жасырғанымыз қалай? Әлде әр пенденiң
сол бiлiктi тақиясына қондыру үшiн өзiнше жаңадан өмiр тезiнен әтуi керек пе? Ондай
болса, iрi ойшылдардың нұсқалы сөзiн қайда қоямыз? Немесе керек тастың ауырлығы
жоқ деп, өткендегi жылт еткен нәрсенiң бәрiн қолаба қоржынымызға аузы-мұрнынан
келгенше тыққыштай бергенiмiз жөн бе? Шамасы, әр заман өзiне керегiн ғана алып,
кәдесiне жаратар. Тек пенде сорласа, өзiнiң тойымсыздығы мен қараулығынан ғана
сорлайды. Не, не? Ол құмақ топыраққа өскен бiр түп адыраспанға сүрiнiп кетiп, басын
көтерiп алды. Буыны қалтырап, аздап шайқалақтап кетiп, бойын жинай қойды. Сосын
аяғын ауанымен алып, жұлдызы жүгерi бадынағындай быжынаған түпсiз қара көк
аспанға қарады. Мына жер бетiнен де басқа тiршiлiк отауы, бөгде әлем барлығын паш
еткендей, сан алуан шырақ жыпырлай жанып, Сыр өңiрiне үңiле төне қалған екен.
Әсiресе, Жетi қарақшының шөмiшi сонау терiскей жақтың бiр тұсына құлайтындай боп
салбырай қапты. Әкесi үнемi осы Жетi қарақшыға қарап, жетi қараңғы түнде жолды
адаспай табам дейтiн. Сонда осы жұлдыздардың қозғалысын атам қазақ ежелден-ақ
бiлген болды ғой. Бiрақ бiлгенде де олар көзi көрiп тұрған нәрсенiң сыртқы пiшiнiн
көрiп, сырттай тон пiшкенi-ау. Болмаса анау мың-сан жұлдыздардың iшiне енiп, iшек-
қарнын ақтарса, не кереметтi бiлер едi. Демек, сырт пiшiннiң астары бар болғаны ғой.
Қой, мұным күпiрлiк болар. Кәзiргiдей елдiң аузынан ақ майы аққан заманда
адамдардың аласы бола ма? Жарайды, болсын. Өткен дәуiрлерде кiсiлердiң пиғылы мен
ниетiн бiрдей қылу мүмкiн емес-тi. Соған жетуге тырысу — арман. Әр заман осы
биiкке өзiнше жетуге тырысқан. Шамасы, сол арманға қол жетсе, бiр жететiн тұс осы
кез. Кеше ескi заманды төңкерiп тастап, жер бетiнде пенденi алаламайтын, бай мен
жарлы болмайтын ең әдiлеттi қоғам құрамыз дедiк. Үлкен кiсiлердiң бастарынан
кешкен уақиғаларын сұрап отырсаң, ол талап оңайға түспептi. Талай рет ел басынан
қияпат өтiптi. Сол жылдары өз әкесi Досберген колхоз құрып, бытыраған елдi
ұйыстыруға мәйек болыпты. Бiрақ сонысын көре алмаған бiреулер... Әлi есiнде, бұл
әкесiн сонау соғыстан көп кейiнгi дуылдап жатқан кезден кейiн барып көрдi. Жасына
жетпей шашы ағарып кеткен кiсi кемтар боп оралған ол ауылда жеңiл-желпi жұмыс
iстеп жүрдi. Содан пенсияға шықты.
Тоқшылық аяғын теңселе басып, үйiнiң жанына кеп тоқтады. Жер ошақ жанындағы
дөңбектей томарға отырды. Ой буған басын керексiз нәрседен арылтқысы келгендей,
жан-жағына қарады. Көзi қара барқыт аспанның бiр бұрышын тiнтiп барып, сонау
шетте, қалың жұлдыздың сирей бастаған бiр тұсына табаны iлiккен имек айды көрдi.
Жаңа ай не шалқалап кетпей, не шаншылып қалмай, әдемi туыпты. Мұндайда үлкен
кiсiлер шаруаға жайлы болады деушi едi. Бұл жолы да солай болғай да. Әсiресе, жұрт
рекорд жасаймыз деп қапылып жатқанда… Рекорд демекшi, Набат неғып жатыр екен?
Бағана мұның салып ұрып жетiп барғанын әбес көрiп қалмады ма? Бұл да қызық. Әй-
шәй жоқ, әке-шешем айтты екен деп, қызға турасынан түтiн түтетейiк дегенi несi?
Мына қым-қуыты көп тiршiлiкте бас ауырып, балтыр сыздағанда қолтығынан демер
айнымас жар-дос болардай бұл қыздың қай сырын бiлiп болды? Бар-жоғы мектепте