Стр. 70 - zhykpyl

Упрощенная HTML-версия

— Ертеңiндегi қызықты қой, — деп, Құлбаев қолын сiлтеп қойды. — Таң елең-
алаңда Шымкентке кеп түсейiк. Абай бiр таксидi ұстап ап, миманханаға тартты. Келiп,
екi нөмiрдi жалдап алдық. Оның қолында осындай, — Құлбаев қолының жартысына
дейiн көрсеттi, — иә, дәл осындай кiшкене шамадан болатын. Соны нөмiрге кеп ашып
көрдi. Қарасам, бала, саған өтiрiк маған шын, iшi толған ақша. Ақша болғанда қандай,
кiлең көккiмбек жүз сомдықтар! Сонымен қалай қорықпай жүргенiне таңғалам.
— Сонда... балаңыз... — деп, Елекеш Құлбаевқа жымия қарады. Бұл оның сол жолғы
шаруасының шет-жағасын бiлетiн. Мына Құлбаевтың технология институтын бiтiрген
үлкен баласы Шымкентте қалып, кәзiр үлкен бiр трестi басқарады.
— Ол... ендi... — Құлбаев жөтелдi.
Тоқшылық күлдi:
— Таңғы салқын қатты тиедi. Ана терезеден былайырақ отырыңыз.
— Оның рас. Байқамай, қарсы соққан желдiң маңдай алдында отырып қаппын, —
деп, теке көз Құлбаев Набатқа қарай ысырылып отырды.
— Солай де, — дедi Елекеш дауысын созып. — Мынау «Ақайдың» күрiшi ме? — Ол
асфальт жолдың екi езуiнде тұтаса көрiнiп қалып бара жатқан қалың салыға көз
тастады.
— Дәл өзi. Бұлардың жерi жақсы. Баяғы... мына көршi аудандағы Пiрiмов Қашақбай
заманынан бермен қарай, бұлар да осы жерге егiн сап келедi. Сонда осы топырақ неге
тозбайды деп таңғалам? — дедi Құлбаев.
— Тыңайтқыш себетiн шығар? — дедi Набат.
— Ал бүгiн дұрыстап сөйлейсiң ғой, — дедi Елекеш Набатқа қарап, көзiн сығырайта
күлiп.
— Әрине.
— Әбекеннiң өзi болады. Асықпай-аптықпай, былай, не қыласың ғой...
— Әрине.
Бұл кезде арлаған жеңiл машина Жосалының шет жағына келiп кiрген де едi.
Темiржолдың үстiнен салынған көпiрден өткеннен кейiн, Тоқшылық тапал тамдардың
арасын қуалай созылған машина жолмен жүрiп отырып, вокзалдың маңына кеп, екi
қабат үйдiң қарсы алдындағы қайыр талдың көлеңкесiне кеп тоқтады. Елекеш, Набат,
Құлбаев машинадан түстi.
Есiк алдында тұрған кiсi көп екен. Елекеш басқа совхоздардың директорларымен қол
алысып амандасты. Өзiне жалпылдап жатқан бiр-екi кiсiге ернiн жыбырлатқан болды.
Ешкiмге жалтақтап қарамастан, Набатты ертiп, iшке кiрдi де, залдың орта жерiнен орын
алып отырды. Набат бүгiн үстiне қымбат иiс су шашса керек, әдемi бiр иiс мұның
мұрнын қыдықтады. Елекеш оң қол жағына тақау кеп қыз санының үстiне қылжия
сұлаған, крокодилдiң терiсiнен жасалған қымбат сөмкенi үстiнен басып-басып қойды.
Набат аздап күлiмсiредi.
Аздан кейiн мәжiлiс басталып та кеттi. Бiрiншi хатшы Айшуақов анда-санда төрде
отырған екiншi хатшы Ивановқа жалтақтай қарап қойып, кеңге көсiлiп, аудандағы
күрiш егетiн сегiз совхоздың кәзiргi хал-жағдайын кеңiнен сөз етiп, егiннiң өсiмiн,
ораққа дайындық жағын бажайлап айтты. Елекеш шуда жiптей созылып, бiтпей қоятын
осындай мәжiлiске өмiрi бiр үйрене алмай-ақ қойды. Шешендер бiр-бiрiмен таласа
мiнбеге шыққан сайын, мұның мойны салбырай түседi. Кәзiрде де өз-өзiнен жұмылып
кете берген көзiн зорлап ашып отыр. Ақыры ол өзiн-өзi зорлап, басын мәңгiртiп кете
берген түс сияқты бiрдеменi қуып тастағысы кеп, алдыңғы жақта отырған еңбек
озаттарына, аудандағы iрi шаруашылықтың құлағында жүрген аты шулы кiсiлерге
бiртiндеп көз тастады. Бүгiн ел-елдiң сорпаға шығарлары тегiс жиналыпты. Ол бiраз
кiсiлердi түстеп тани отырып, өзiне желкесiн бере отырған бiр адамға айрықша қарады.
Арқалы тақтай орындыққа кескен томардай боп сұлап түскен Қаласбайдың ақ нейлон
көйлек қылғындыра түскен қызыл қоңыр желкесi мен аздап ақ қылаулана бастаған
шашына назар салды. Сосын көзiн жыпылықтата қағып-қағып жiберiп, қайта бiр қарап