Стр. 72 - zhykpyl

Упрощенная HTML-версия

— Ақысына не бересiз? — дедi Набат сыңқылдай күлiп.
— Ендi... о йағынан жығылып қалмаспыз, — дедi Қаласбай да ырқылдай күлiп.
— Әгәр көп сұрасам ше?
— Ендi... былай... бiр совхоздың малын сұрамассыз, — дей бердi де, Қаласбай
кенеттен сабырлы тарта қап, Елекештiң жеңiнен тартты: — Ана... ағаңды бiлесiң бе?
Иә, сол бiраз бас баспақты... Қой, қой! — деп, қолын сiлкiлеп, дем арасында қайта
ыржиды. — Жаңа жақсы бiр сөздi құлағым шалып қалды. Әбекең Набат қарындас
жайында нағыз комсомолға лайық, жанып тұрған бала екен деп жатты.
— Комсомол?
— Оның хатшысы облысқа қарай жылжиды деген сөз бар.
— Ым, — дедi Елекеш ойланып. «Онда бұ қызды құрығымнан шығып кеттi дей
бер».
— Ау, осы бiздiкi не тұрыс? Әңгiмеге аш құрсақ серiк болмас деген. Бiрдеменi тiске
басып отырмасақ болмас. Ал, қалай қарай жүремiз? Әлде әдiрiстерге барамыз ба?
— Қой, оны... — деп, Елекеш көзiн сығырайтып, қырын қарап күлдi.
— Онда... баяғы жерге тартайық.
Олар вокзалдағы ресторанға келдi де, дағдылы орындарына жайғасты. Бұларды
көрiп, толық сары әйел сүрiне-қабына жетiп келдi де, семiз саусақтарын алжапқышына
сүрте сап, қаламы мен қағазын қолына алды.
— Ал, не iшемiз? — дедi Қаласбай отырғандарға жағалай карап.
Құлбаев пен Набат үндемедi. Елекеш қабағын керiп:
— Таңдауды Набат қарындасқа салайық. Қанша дегенмен жаңа мәжiлiсте сөйлеп,
тамақ қырнаған еңбегi бар дегендей, — дедi.
— Өт-те дұрыс.
— Өздерiңiз ала берсеңiздершi, — дедi Набат сәл-пәл ыңғайсызданып.
— Жоқ, болмайды. Сiз таңдаңыз. Бiз дегеннiң өңешiмiз оман арық сиякты, сүйек-
саяқ, болса да өте бередi. Сол талғаммен заказ берiп қалсақ, қыздың тамағы қылдай
деген, әлгi дәу сүйектер тамағыңызға қолайсыз тиiп, — деп, Қаласбай сөзiнiң аяғын
жұтып, лекiте күлдi. — Қайсы кiтапта едi. Ана бiр тамағына сүйек кетiп қалатын
қасқыр бар емес пе? Иә, сүйтiп, қасқыр қызымызды қинап жүрсек, жарамас.
— Одан қорықпаңыз, бiздiң де өңешiмiз сiздiкiнен кем соқпас, — деп Набат
таңдауын айтты.
Даяшы әйел өзiнен-өзi мәз болып, байпаңдай басып, асхана жаққа кеттi.
— Ауылдарыңда не жаңалық бар? — дедi Қаласбай дәм үстiнде.
— Iжқандай да.
— Ауылдарыңа астанадан қонақ келiп жатыр дей ме?
— Ол рас. Бәйдеш пойыздан кеше түстi.
— Ойпырмай, мынау бiр оңды болған екен. Анада соны Алматыдан iздестiрiп, таба
алмап ем, ендi қолға өзiнiң кеп түскенiн қараш!
— Ол жақында сiздiң ауылға да барып қалар.
— Е, неге? Жәйша ма?
— Диссертациясына материал iздеп жур.
— Онда... дұрыс екен, — дедi Қаласбай оң қолымен галстугiн жөндеп қойып. —
Шаруашылықты көрем десе, бiз дайын. Аудан бойынша алдыңғы қатардамыз дегендей.
— Биыл күрiштiң шығымы қалай?
— Әзiрге жаман емес. Су жағы қинаңқырайды. — Қаласбай Елекешке еңсерiле
қарады. — Осы Бәйдештi таза жiгiт дейдi ғой.
— Ойбай, таза болғанда бар ғой, өзi... — дедi Елекеш Құлбаевқа көзiнiң астымен
қарап қойып. — Пәленбай жыл жолдас болсақ та, оған шаруа айтып көрген емеспiн.
Өзi... былай, ғылымға жан-тәнiмен берiлген қызық жiгiт. Ондайға, анаған ше, мүлдем
жоқ.
— Солай ма? — дедi Қаласбай қасын керiп.