Стр. 96 - zhykpyl

Упрощенная HTML-версия

— Ендi... соны көптеп-көлемдеп бiрдеңе етсек.
— Қарағым-ау, мұны бiреу-мiреу бiлiп қалса...
— Ақсақал, ояғын маған қоя бер.
Балғынбай сол жолы кабинеттен Елекешпен iштей келiспей шыққан. Ендi бүгiн
директордың ауызбiршiлiк жақын реттей қойып. Өз қолын жiпсiз байлап тастағанын
сездi. Ертең астық мөлшерi толмай жатқанда, өз егiсiне ауыз салса, қарсы сөз айта
алмайды. Үйтсе, ауыл-үй арасына шiркiн болады.
Ол маңдайынан аққан тердi қолының сыртымен сүрттi. Есiне баяғыда шiркiн болған
жайы түстi. Осы Жұман бiр күнi күрiшшi боп шыға кеп, исi ауданға дәрiп шашты.
Балғынбай оның сырын кеш бiлдi. Жықпылда жасырын егiлген күрiштi көрiп, ол
жайында ауданға барып айтқан едi. Қара мұртты қырма сақал қақсал кiсi:
— Ендi... ол... өтiп кеттi ғой. Кәзiр пәлен-түген деп жатсақ, ауданның әбiрейi
төгелмей ме? — деп, екi қолын жайған.
Балғынбай ауданнан ауылға келгенде, есек деген өрiп жүр екен. Бәрiн Жұман
таратыпты. Бұл содан қызғаншақ та, даукес те, бәлеқор да атанды. Колхоз басқармасы
қырын қарап, мұны шөмiштен қыса бастады. Бригадасына жердi шамадан тыс көп
бередi. Тұқымды аз бөледi. Суды қытып ұстайды. Жаз ортасында тұқым жете түспей,
суды қанып iшпей, сирек шыққан сабақтар жығылып қап, солып, мұның атыздары
таздың басындай ала қотырланып жатады. Сосын кiм жаман? Бұл жаман. Кiм жоспарды
орындамайды? Бұл орындамайды. Жылда Балғынбайдың колхоз жиналысында
сыналып жатқаны. Ақыры бригадирлiктен түскесiн барып оның көзi ашылды. Ендi ләм-
мим демей, iстеген жұмысын бiлдi. Бәрiнен де оны қаусатып кеткен жай — арыстай
ұлының кешегi соғыста мерт болғаны. Соны ойласа, қайратты шал жiгерi жасып, бор
боп егiлiп кетедi. Қара домбыраны бауырына басып, әлдеқандай мұңлы сазды гүрпiте
сауып, ұзақ отырып қалады. Тек Нестай туғасын барып, кемдi күнгi алданышына мәз
болып, ескi жараның орны жазылған сықылданды.
Балғынбай шаршай бастағанын сездi. Тұмсығы балшық-балшық керзi етiгiмен
борпылдақ топырақты кешiп барып, арық жиегiне кеп отырды. Басына Жұманның
айтқан дауы қайта-қайта келе бередi. «Со да жөн бе екен?» — дегенiмен, iштей ол
шаруа өз қолынан келмесiн, қайрат көрсетер уақыты өтiп кеткенiн, алданыш тұтқан
дәлелiнiң салмағы жеңiлейiп бара жатқанын қинала сездi. «Өмiр шiркiн осы екен ғой!
Тасқын суша қаптай басгалып, аяғы тамшылап бiтетiн көрiнедi. Бәрi күнi кешегiдей едi.
Әттi, кеттi». —Шал күрсiндi.
Күн еңкейiп, салқын түскесiн, Балғынбай атыздардың суын жаңартып болғасын,
кетпенiн иығына сап, үйiне қайтты. Әлденеге Әзбергеннiң үйi жағына қарады. Кәмпит
сыртта самаурын қойып жүр. Шал ақырын күлiмсiредi. Өзiнiң iшiнде талай уақыт бойы
шөгiп жатқан жасырын сырды есiне алды. Бұл да Кәмпиттi жақсы көрген-дi. Бiрақ
жалшы жiгiтке бұлғақтап ескен бай қызы мойын бұра қоймас деген. Оңашада ол бар
ыстық ықыласын екi iшек, тоғыз пернеге төгетiн. Быртық саусақтардың астынан
сылқылдай шыққан қоңыр саз жiгiт қиялын көз көрмеген алыс жақтарға жетелеп,
мұнарытып тұрған, миуа бағы жайқалған Шығыс өлкелерiне алып кететiн. Ойша
Кәмпитпен ат үстiнде қатар жүрiп келе жататын. Ойша онымен бiрге тау арасынан
жылып аққан кәусар бұлақтан канып iшiп, бейiш дәмi — құрманы үзiп жейтiн. Сол
елеске алданып жүргенiнде, бұйқыт соққан заман Кәмпиттi Әзбергеннiң таланына
жазды. Бұл күйбең тiршiлiкпен болып кеттi. Тек анда-санда өзi қолдан шапқан қара
домбыраны қолға алғанда барып, ескi мұңы өзегiн оттай өртеп өтетiн. Ендi Кәмпиттi
көрiп, Балғынбай ерiксiз күрсiндi. «Бақ шiркiн де уағында екен ғой. Қызығы да өз
кезiнде. Сәтiн таппасаң, қиын-ау». Ол жасы ұлғайған осы кезiнде кiсi кеуiлi
қартаймағанымен, арада болған неше түрлi уақиғаның адам жанына сызат түсiретiнiн,
одан аттап өтудiң қиындығын аңғарды. Балғынбай бiр кездерi Кәмпиттiң өзiне оң қабақ
бермегенiне өкпелеген. Онысын тiс жарып ешкiмге айтпады. Кейiннен онысының әбес
екенiн бiлдi. «Ау, менiң iшiмдегiнi Кәмпит қайдан бiлсiн? Оған сөз салмаған кiнә