Стр. 97 - zhykpyl

Упрощенная HTML-версия

өзiмнен емес пе?» Шал ұрлық үстiнде ұсталғандай боп қызарып сала бердi. Жөткiрiнiп,
жан-жағына жалтақтай қарап, қалың кекiренi кеше отырып, үйiне келдi. Кемпiрi
дастархан жайып, томпаңдап жұр:
—Шал-ау, шаршаған шығарсың. Кел, етiгiңдi тартып жiберейiн.
— Өзiм.
Шай үстiнде шал өз-өзiнен қоңырайып үндемедi. Нестай қойған телевизорға қарады.
Күрiшшiлер жайлы хабар жүрiп жатыр екен. Сопақ бас қара жiгiт қолды-аяққа тұрмай,
тымпылдап тұр:
— Биыл мiндеттемеден шығасыз ғой?
— Әрине, — дедi қозы қарын кiсi екi бетi май жаққандай жылтырай күлiп.
— Алдағы жоспарыңыз қандай?
— Алдағы жоспарым — әр гектардан көп өнiм алып, Отанға көп астық тапсыру.
Балғынбай мырс ете түстi. Қызына қулана көз тастап:
— Опырмай, алдағыңның бәрiн өлшеп-пiшiп қоятын болдық. Ертеңдi соншалық кiм
болжап көрген? Тәубә қайда?
Ол телевизорды өшiре салды. Шайдан кейiн тамақ пiскенше, шалқасынан жатып,
қара домбыраны шерттi. Мына дуду тiршiлiктiң тұрлаусыздығына өкiнгендей, жұмыр
бастан өткен сан алуан қызықтан опа iздеп шартарапқа көз салған, кiсi кеуiлiне құрт
боп түсер бiр мұңлы қоңыр әуен қайта-қайта қылқылдап, екi iшектен көпке дейiн
түспей қойды. Быртық саусақтар сырт көзге ебедейсiздеу боп қозғалған сияқты
көрiнгенiмен, мұңлы қоңыр әуендi былпытып шығарып жатыр. Ол екi шектi алма-кезек
шерте отырып, баяғыда бала кезiнде әкесiнен үйренген осы бiр сазды қайта-қайта
қылқылдатып тарта бердi. Ол кезде әкесiнiң осы бiр шолақ қайырылар мұңлы сазды
неге қайта-қайта тарта беретiнiне таңғалатын. Бақса, ол кiсiнiң де осындай мына ду-ду
тiршiлiктен қажып, шалқалап жатып алған бiр шағында қай-жайдағы есiне түсiп,
қоңырайып отырар кездерi болған екен-ау! Ендi мiне, сол жайды Балғынбай де басынан
кешiрiп отыр. Ол әр-берiден соң өзiнiң жалт-жалт етiп өте шыққан өмiрiн, жастық
шағын есiне алды. Қарап отырса, бәрi де көрген түстей. Әсiресе, отыздан бергi дәуiр аса
жылдам өтiп кеткен сықылды. Жиырмалардағы кезiнде бұған уақыт мүлдем өтпейтiн
сияқты боп көрiнушi едi. Иегiне тықыр түк бiтiп, жiгiт ағасы болғаннан соң-ақ,
тiршiлiктiң бiтпейтiн көп күйбеңiнiң астында қап, өз дәуiрiнiң қалай өте шыққанын
аңдамай да қалғанға ұқсайды. Сол екi аралықты еске алса, мынау менiң өмiрден көрген
қызығым ғой деп ауыз толтырып айтар ештеңе жоқ тәрiздi. Неге, дей берiп, Балғынбай
домбыра пиегiн бiр рет дың еткiзiп, тоқтай калды. Жоқ, ондай қызық сәттер болды ғой.
Ана екi ұлы апыл-тапыл қадам басқанда, сүндетке отырғызылғанда, сен қандай
қуандың! Олардың мектепке барған сәтiнiң өзi қандай! Тетелес екеуi бiр-бiрiн
жетектеп, мектепке бара жатқанда, сен сырттарынан қарап, iшiңнен тiл-көзден сақтай
гөр деп түкiрiнетiнсiң. Ал, олардың мектеп бiтiрiп, жұмысқа араласа бастағанында,
қуанышың қойныңа сыймаған жоқ па едi? Мына кемпiрiң екеуiң өмiрде бiз татпаған
қызық, тәттiнi ендiгi қалған жерде осы қарақтарым татсын, деп, iштерiңнен солардың
тiлегiн тiлемеп пе едiңдер? Сендердiң сол қуаныштарыңды көп көргендей бұйқыт
соққан соғыс көк өрiм жас сабақтарды тамырынан қиды да кеттi. Балғынбай кеуiлi
босап бара жатқанын бiлдi. Көзiне кеп қалған ыссы жасты әзер дегенде iрiктi. Сосын
домбыраны дың еткiзiп шерткен болды. Бiрақ ойын қаншама бөлейiн десе де, әлгi сурет
оның көз алдынан кетпей қойды. Екi ұлының кескiн-келбетi көз алдында көлбеңдеп
тұрып алды. Тiптен, олардың жүрген-тұрғанына, күлгенiне дейiн жадында сақталыпты.
Кейбiр айтқан сөздерi, еркелеген сәттерi, қылған тентектiктерi әлге дейiн ойында
хаттай жатталып қалған. Сол есiне түссе болды, Балғынбай босап сала бередi. Осыған
кiм кiнәлi, деп, ол талай түндi көзiмен атырған. Еш жауап жоқ. Ендi кәзiр де ол қатты
ойланып қалды. Осы бәндә неге артымда ұрпақ, жұрағат қалса деп тiлейдi, деп, бiр
ойлады. Сонда қыз бала емес пе? Бұрындары аталары қыз деп кемсiткен кiсiге: «Өй,
қызыл итке мiнгескiр», — деп, кейiп жатушы едi ғой. Шамасы, осында үлкен мән